2000 жылы наурыз айының 8-ші жұлдызында Атырау қаласы, Индер ауданында дүниеге келген. Бастауышты сол аудан орталығында оқып, кейін жоғары сыныпты Атырау, Көкшетау қалаларында жалғастырды. Мектеп қабырғасында оқып жүріп психология, математика, қазақ тілі және әдебиеті бойынша пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысты. Халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. 7 жыл бимен шұғылданды.

 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Журналистика» факультетіне оқуға түсті. Халықаралық қатынастар бөлімінде оқыған Жан-Ерке қоғамдық жұмыстарға белсене қатынасты. 2018 жылы Павлодар қаласында өткен Универсиадаға «пауэрлифтинг» спорт түрі бойынша қатынасты.


Еңбек жолын 2019 жылы Алматы қаласы «Ынтымақ» оқу-білім орталығында мұғалім болып бастады. «Жас журналистер» мектебінде шәкірт тәрбиелеп, 4 оқушысы мемлекеттік грант иесі атанды. Аталған орталықта 2021 жылға дейін қызмет атқарды.

2021 жылы облыстық «Атырау» газетіне тілші болып жұмысын жалғастырды. Сондай-ақ, «atr.kz» сайтында редакторлық жұмысты жасады.

2022 жылы облыстық «Атырау» телеарнасына орналасып, редакторлық қызмет атқарды. Кейін, тақырыптық хабарлар бөлімінің шеф редакторлық лауазымына ауысты.

Осы жұмыстармен қоса, Жан-Ерке Өтегенқызы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің баспасөз хатшысы болып жұмыс атқаруда.


Қызығушығы: көлік жүргізу, проза жазу, торт пісіру және әрбір қалаға барған кезде тоңазытқышқа жабысатын қала суреті бар магниттерді жинағанды ұнатады.


Өмірлік ұстанымы:

Сенбе жұрт тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.