
Үздік
Жанры: реалити-шоу (байқау)
Формасы: түсірілімдік
Ұзақтығы: 35-40 минут
Жиілігі: аптасына 1 рет
Мақсаты: Облыстағы әр саланың үздіктерін (атбегі, келін, тігінші, шофер, аспаз, қой қырқу, шөп шабу, шаштараз, әрлеуші, мұғалім, шешен, ақын, т.б) анықтап, тасада қалған таланттарды таныту. «Өз ісімнің білгірімін» деген жандарды өз-өзін дәлелдеу үшін телеарна арқылы алаң жасап беру. Олардың ісін дамытып алып кетуге демеушілер тартып ынталандыру. Қатысушылар кастинг арқылы іріктеледі. «Ширақ», «Жекпе-жек», «Мәре» атты үш кезеңнен тұрады.