
Онлайн-Емхана
- «
- »
Ұзақтығы: 50 минут (тікелей эфир)
Жанры: тікелей эфир, ақпаратты-танымдық, медициналық
Мақсаты: Көрермендерді медициналық, кәсіптік сауаттандыру;
- білікті мамандарды хабарға қатыстыра отырып, халықпен онлайн-режим орнатуға мүмкіндік жасау;
- сырқат түрлеріне кеңінен тоқталып, оның алдын алу және емдеу тәсілдерін түсіндіру.
Мазмұны: Кейіпкердің шағымы бойынша эфирде дәрігерлік-амбулаториялық кеңес беріледі. Тікелей эфир арқылы қабылданған сұрақтарға дәрігер-мамандар жауап береді. Бағдарлама барысында тақырып бойынша бейнекөрсетілім дайындалады, күрделі оталардан үзінділер беріледі. Жүргізуші киімі дәрігер стилінде болуы шарт. Бағдарлама күрделілігіне қарай екі студиялық, екі түсірілімдік бола алады. Студия бағдарлама тақырыбына, атауына сәйкес медициналық құрал-жабдықтармен безендіріледі.