
Алтын тұғыр
- «
- »
Ұзақтығы: 25 минут
Жиілігі: аптасына 1 рет
Жанры: ақпаратты-танымдық
Мақсаты: Әр ауылына саяхат жасап, қазіргі тыныс-тіршілігін баяндау. Қала тұрғындарына таңсық ауылдағы күнделікті тірлікті көрсету.
Берілу формасы: Ауыл ерекшеліктері (географиясы, халық саны, әлеуметтік жағдайы, т.б.) қысқаша графика түрінде беріледі. Журналист кадрде, мәліметті стендап түрінде беріп отырады. Тұрғындармен кездесіп, бір отбасына (мыс., шопан, сауыншы, ауыл ақсақалы) барады. Сол жерде шәй үстінде әңгіме-дүкен өрбітіп, ауыл тарихын, атауының шығу тегін, мағынасын, т.б. ауылға тән тірліктер сұрайды. Шәй кәдімгі шоқ самаурында дайындалады. Тұрғындардан кейіпкер-портреттік материалдар дайындалады. Салт-дәстүр, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қой кезегі, шөп шабу сияқты маусымға тән жұмыстар көрсетіледі.