
"Айнамкөз" Айгүл Қосановамен
Идея авторы: Жанахмет Ағыбаев
Жоба жетекшісі: Балауса Халелова
Жоба кеңесшісі: Ілия Жақанов
Жүргізуші: Айгүл Қосанова - ҚР Еңбек сіңіргенқайраткері,
"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
Редакторы: Нұржан Өмірбаев, Әйгерім Жұмабаева
Режиссері: Сания Дүйсекенова
Жанры: ақпаратты-танымдық
ХРН: 50 минут
Формасы: түсірілімдік
Жиілілігі: айына 2 рет
Жобаның жүзеге асуы:
Қазақтың төл өнерін, дәстүрлі әндерді насихаттау. Ескі де болса есті әндердің тарихымен көреремен қауымды таныстыру. Бағдарламаға дәстүрлі әнді насихаттаушы әр мектеп өкілдерін шақыру арқылы бүгінгі өнердің хал-ахуалымен танысу. Насихатталу деңгейін, тыңдарман талғамын, алдағы жоспарларымен бөлісу. Бағдарлама мейманы әнді орындау арқылы тарихымен таныстырып, әр мектеп өкілдерінің ерекшелігі айтылады.
Жобаның мақсаты: Көненің көзі, бабалар мұрасы дәстүрлі өнерді жаңғырту, насихаттау.
Берілу формасы: Бағдарламасұқбат түрінде болады. Әртүрлі дәстүрлі ән шырқалып, тарихы баяндалады.