
Бұдан бөлек,Атырауда жүгіру мен суға жүзуден ашық біріншілік өтті. Спорттық додаға 100- ге жуық жас қатысуға ниет танытқан. Олар арқамен жүзу, эстафеталық жарыс түрлері бойынша сынға түсті. Сондай-ақ жасөспірімдер жас ерекшеліктеріне қарай, белгіленген қашықтықты бағындыруы тиіс болды. Нәтижесінде жүгіруден 400 - қашықтықта жеңіс тұғырынан Ярослав Струняшев көрінсе, жүзуден Ангелина Чапкинова жеңімпаз деп танылды. Сайыс соңында қатысушыларға дипломдар мен медальдар табысталды.