
Аптап ыстққа қарамастан, 53 жастағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Қайрат Ырғызбаев шайтанарбамен ұзақ қашықтықты бағындырды. Ол 14 маусымда Қостанай облысынан шыққан. Ол бүгінге дейін "Ақтөбе-Орал" өңірлерін аралап, Атырауға жетті. Ардагерді "Атырау-Орал" тас жолынынан бір топ атыраулық күтіп алды. Кейін қасына ерген бір топ жасы ертіп қаланың көрікті жерлерін аралады. Оның жанындағы жалғыз серігі мына велосипеді. Ол осы веловипедімен 1992 шақырым жолды артта қалдырған. Подполковник бұл жеңісін Астананың 20 жылдығына арнады.