
Астана күніне орай мұнайлы шаһарда түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Алдымен қатысушылар байдарка спорты бойынша сынға түсті. Оған барлығы 17- жасқа дейінгі 30-ға жуық спортшы қатысты. Ал, ересектер арасында стритболдан қалалық турнирге 100-ден астам қала тұрғындары бақ сынады. Жарысқа 4 команда ат салысты. Бұл шаһарда енді ғана қарқын алып келе жатқан спорт түрі. Жарыс нәтижесінде 1 орынға hollywood, 2 орынға abc, 3 орынға Blood dust тобы ие болды.