
Сүйінші. Атыраулық каратэшілер Кристина Тельятова мен Бауыржан Күмісқалиев Әзірбайжан елінде өткен жарыста жеңіспен оралды. 70 келі салмақта өнер көрсеткен жерлестеріміз финалада шетелдік қарсыластарын соңғы секундтарда жығып жеңіс тұғырынан көрінді. Жеңіпаздарды Атырау вокзлаынан туыстары мен достары қарсы алды. Айта кетейік, дүбірлі додаға Аргентина, Қытай, Америка, Иран елдерінен 500- ге жуық спортшы қатысқан. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшылар алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.