
23 - маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні. Мереке қарсаңында ұйымдастырылған облыстық спорттық шараның салтанатты ашылуына 10 командадан құралған 500-ге жуық мемлекеттік қызметші қатысты. Олар спорттың 10 түрінен өзара бақ сынайды. Бұл шараға - мемлекеттік қызметшілердің дайындығы да қызығушылығы да жоғары. Үш күнге созылатын спорттық шара жеңімпаздары 23- маусым күні "Құрманғазы" атындағы мәдениет үйінде өтеді.