
Қоржынға екінші алтын түсті
Индонезияда өтіп жатқан азия ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Оның иесі велошабандоз Алексей Луценко. Ол 150 шақырымдық топтық жарыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, Азия ойындарының алтынын тақты. Луценконың уақыт көрсеткіші - 3 сағат 25 минут 25 секунд. Аталған додада екінші орынды жапондық спортшы жеңіп алса, үздік үштіктен Таиланд велошабондозы орын алды. Тасжолдағы топтық жарысқа Луценкодан бөлек Даниил Фоминых, Жандос Бижігітов және Евгений Гидич қатысты. Өкінішке қарай олар жүлделі орындардан көріне алған жоқ. Әзірге, біздің құраманың еншісінде 2 алтын, 6 күміс, 17 қола бар. Жалпыкомандалық есепте 12 орындамыз.