
Астана қаласының 20 жылдығына орай "Малибу" жағажайында волейболдан ерлер арасында жарыс өтті. Қалалық денешынықтыру және спорт бөлім ұйымдастырған турнирге барлығы 20 - дан астам команда өзара сынға түсті. Басты мақсат бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жүлде қоры 80 мың теңге. Нәтижесінде 1 орынды Локомотив командасы иеленсе, 2 орынды Алтынсарин командасы қанжығалады, ал 3 орын Атырау Мұнай Өңдеу Зауыты командасына бұйырды