
Атырауда БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған спорттық сайыс өз мәресіне жетті. Журналистер қауымын жақындастырып, әріптестік, достықты дәріптеген додада бірнеше басылым мен телеарна қызметкерлері бақ сынады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараны ҚР Журналистер одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.