
Құрманғазылықтар жемқорлыққа қарсы. Ауданда өткен «Адал жол»атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны осыған дәлел. Барша халықты осынау қауіпті індетпен күресуге шақырған марафонға қатысушы жастардың қарасы қалың. Олар дзюдо, таэквандо, баскетбол, велошеру секілді спорттық шараларға қатысып, жеңімпаз атанғандары түрлі марапаттарға ие болды. Сондай-ақ, Тәуелсіздік алаңына жиналған аудан тұрғындары флешмобтар мен концерттік бағдарламаларды тамашалады. Шарада сөз алған аудан әкімі Бибоз Шаяхметов қоғамның барлық өкілдерін қауіпті кеселден аулақ болып, адал, сыбайлас жемқорлықсыз өмір сүруге шақырды.