
Атыраулық каратэші Болат Ізбасқанов Украинаның Одесса қаласында ерлер арасында өткен жарыстан жеңіспен оралды. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған жерлесіміз әлем кубогында төрт алтын медальді еншіленді. Айтулы додаға 15 мемлкет қатысты. Алдағы уақытта спортшы әлем чемпионатында бақ сынайды.