
Сүйінші! Атыраулық спортшы Әсел Серікова Азия чемпионатынынан жүлдемен оралды. Иордания астанасы Амман қаласында ересектер арасында өткен каратэ-додан күміс жүлде иеленген спортшыны атыраулықтар әуежайдан күтіп алды. Абсалют дәрежесінде белдескен жерлесіміз алғашында кореялық балуанды, екінші айналымда индонезиялық қарсыласты шаң қаптырған.