ШҰҒЫЛ! ТАҒАЙЫНДАУ Толығырақ

«Атырау» ФК ел кубогі үшін таласады (ВИДЕО)

18:31, 28 маусым 2018

Атырау футбол клубы екінші жыл қатарынан Қазақстан кубогінің финалдық ойынына жолдама алды. Олар кеше Мұнайшы стадионында Қарағандылық Шахтерді 3-1 есебімен тізе бүктірді. Есепті матчтың 4-ші минутында Атырау командасының шабуылшысы Предраг Сикимич ашты. Алайда араға 10 минут салып Қарағандылық жартылай қорғаушы Вуч есепті теңестіріп кетті. Бірінші таймның бітуіне 4 минут қалғанда Игорь Зенкович атыраулықтарды алға шығарды. Ойынның екінші бөлігінде де Атырау командасы шабуылдарын үдете түсті. Матчтың 66-шы минутында айып  алаңында ойын тәртібін бұзғаны үшін Шахтер командасының қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Нүктеден тепкен Марат Хайруллиннің соққысы қақпаға дәл түсті. Қорытынды есеп 3-1. Ел кубогі үшін ақтық ойында жерлестеріміз дәл былтырғыдай Алматының Қайратымен кездесетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

Банк қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті (ВИДЕО)
14:32, 30 шілде 2018
Банк қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті (ВИДЕО)
Толығырақ...
Атыраулық  палуан Үндістаннан жүлдемен оралды (ВИДЕО)
14:44, 24 шілде 2018
Атыраулық палуан Үндістаннан жүлдемен оралды (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
18:10, 3 сәуір 2020
ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ
Толығырақ...