
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында шалғайдағы Қызылқоға ауданында «Адал жол - честный путь» атты марафоны өтті. Оған мемлекеттік қызметшілерден бөлек, аудан жастары мен тұрғындар да өз үлестерін қосты.