
Жылыой халқының 55 пайызы дауыс берді
Сағат кешкі 4 тегі дерек бойынша Жылыой ауданында 28 мыңға жуық адам дауыс берген, бұл референдумға қатысушылардың 55 пайызы. Аудан әкімі Халел Жамалов та алғашқылардың бірі болып #235 сайлау учаскесінде дауыс берген болатын. Аудан тұрғындары да саяси науқанға белсенді атсалысуда.