
Жол жыры
Жолдың жыры жұртты жалықтырды. Жаз басталса, жыл сайынғы жөндеу жұмыстары жергілікті тұрғындардың қатынастарына кедергі келтіреді. Биыл тағы Азаттық даңғылындағы жолдар қайта жаңартылады.Яғни, біріншісі Абай көшесінен Темірханов көшесіне дейін ұзындығы 691 метр, екіншісі Әуезов көшесінен Момышұлы көшесіне дейін 1855 метр учаске. Сонымен қатар, мұнда автокөлік автопавильондары мен 6 аялдама орнатылады. Аяқталу мерзімі 10 ай.