
Жеңіл жүрісті келіншек ұсталды
Атырауда тәнін саудалаған 38 жастағы келіншек ұсталды. Өзбекстан Республикасының азаматшасы шекараны заңсыз кесіп өткен. Сөйтіп қалаға жеткен соң, ол жұртқа интернет арқылы қызмет көрсеткен. Түнгі көбелекті полицейлер «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде анықтаған. Сылқым тіпті еш тіркеуге тұрмастан құжатсыз жүре берген. Қазір оған қатысты екі бірдей әкімшілік хаттама толтырлды.