
ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Ақжолтай хабар! Құрманғазы ауданындағы Үштаған ауылына ұялы телефон байланысы мен интернет желісі орнатылды. Енді тұрғындар елдің кез-келген аймағына оңайлықпен қоңырау шала алады. Бұған дейін халық байланыс аясынан тыс жерде еді. Елдегі эпидахуалға байланысты онлайн білім алған студенттер де әбден әбігерге түсті. Әлеуметтік желіге әуес жастар мектеп алдында қаз-қатар тізіліп тұратын. Ұстаздар мен өзге де мамандар біліктілігін арттыратын курстардан қағылды. Түйіткілді мәселені біздің түсірілім тобы да көгілдір экраннан ақпараттандырды. Кейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов ауданға атбасын бұрды. Жаңа жыл жағымды жаңалығымен келді. Қырдағы 700 ден астам тұрғын ауылдың көркейіп жатқанына дән риза.