
Жаяу жүргіншілер жауапқа тартылды
4000-ға жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Заңбұзғандар арнайы жолақты кесіп өткен. Бұдан өзге, жүргіншілерге жол бермеген 700-жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды. Жыл басынан бері, тұрғындардың қатысыумен 31 жол көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 20 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында полицейлер жүргізушілерге жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға шақырды.