
ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Облыстық онкологиялық есепте 4158 адам тұр. 2019 жылы 1000 адам айықпас дертке шалдыққан болса, бұл көрсеткіш 2020 жылы 919 тұрғынды көрсеткен. Сәл де болса азайғандығы байқалады. Көбіне сүт безі, өкпе және асқазан қатерлі ісіктермен дәрігерлер жиі ұшырасады. Одан бөлек жатыр мойыны ісігі қыз-келіншектерде кездеседі. Дәл осы кеселдің алдын алу мақсатында облыстық онкология диспансерінде апталық өтті. Тақырып турасында Гүлфәни Хамзи айтады.