
Жастар форумы
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Тәуелсіздік ұрпақтары " республикалық жастар форумы өтті. Онлайн форматта өткен жиынға жастар, қоғам белсенділері, студенттер мен жас ғалымдар қатысты. Форум аясында Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеу жолдады. 30 жыл халқымыз үшін тарихи белес. Аласапыран кезең артта қалды. Сондықтан, өскелең ұрпақ білім, ғылым жолында бәсекеге қабілетті болуы керек - деді, Елбасы.