
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТЕДІ
Ертең Атырауда жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Тазалық, көркейту және көгалдандыру екі айлығы аясында ұйымдастырылғалы отырған дәстүрлі шара таңертеңгі сағат 9.00-де басталады. Жоспар бойынша сенбілікте қаланың Огородный шағынауданындағы 2 қабатты үйлердің ауласын тазаламақ. Сондай-ақ, Геолог шағынауданының өзен жағалауы мен Азаттық даңғылындағы екі қабатты үй аулаларының аумақтарын қамту көзделген. Сенбілікке бекітілген мекемелер мен сол аумақтардың тұрғындары қатыстырылады.