ШҰҒЫЛ! Эпиджағдай нашарлап барады Толығырақ

Вирус тағы 2 адамның өмірін жалмады

20:07, 24 қараша 2021

Вирус тағы 2 адамның өмірін жалмады

Атырау облысында тағы 15 адам коронавирус жұқтырды. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі қаланың өзінен болса, Теңіз кен орнынан 1, Исатай ауданынан 1, Құрманғазыдан 2 және Махамбет ауданынан 1 науқас анықталды. Қазір үй жағдайында 156, модульдік ауруханада 76, аудандық инфекциялық стационарларда 29 және Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 27 адам ем қабылдауда. 15 науқастың жағдайы ауыр. Дерті асқынған 2 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Соңғы тәулікте 2 адам қайтыс болып, 5 адам құлан таза айықты. Мұнайлы өңір вирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақта тұр. Коронавирусты жою мақсатындағы вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін екпенің бірінші компонентін 248 мыңнан астам, ал екіншісін 227 мыңнан астам адам алып үлгерді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
22:36, 21 қаңтар 2022
Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...