ШҰҒЫЛ! БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАНЫҢ ЕКІНШІ СОТЫ ӨТТІ (ВИДЕО) Толығырақ

Ұлы дала жеңісі - ұлылықтың жемісі

21:31, 13 мамыр 2022

Ұлы дала жеңісі - ұлылықтың жемісі

Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған тағылымды шаралар Құрманғазы ауданында да өтті.  Қалың жауға қарсы тұрып, бейбіт өмірді сақтап қалған ерлердің  бірі, құрманғазылық Кеңестер Одағының Батыры Александр  Афанасьев. Жылдағы дәстүр бойынша Ломоносов мектебіндегі батырдың ескерткіші жанында тағзым ету шарасы ұйымдастырылды. Кейін соғыстан оралмағандардың құрметіне орнатылған Боздақтар ескерткішіне ауданға қарасты бірқатар еңбек ұжымдары, Ауған және Тәжік -Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысқандар азагүлдерін қойып, майдангерлердің рухтарына тағзым етті.Айта кетейік   мұнда 30 мекеме қатысты.Сондай-ақ, Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Ұлы дала жеңісі - ұлылықтың жемісі» атты концерттік бағдарламасы көпшілік назарына ұсынылды.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰРМАНҒАЗЫДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ВИДЕО)
18:54, 12 тамыз 2022
ҚҰРМАНҒАЗЫДА СПОРТТЫҚ САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Діни және этномәдени бірлестіктер арасында турнир өтті
21:48, 8 тамыз 2022
Діни және этномәдени бірлестіктер арасында турнир өтті
Толығырақ...