
UFC 276 турнирінде жеңіске жетті
Лас-Вегаста T-Mobile аренада аралас жекпе-жектен UFC 276 турнирі өтті. Кештің басты додасында орта салмақтағы чемпион Исраэль Адесанья мен белбеуге үміткер америкалық Джаред Канноньер кездеседі. Осы қоянқолтық ұрыста төрешілер шешімімен Жаңа Зеландия өкілі Израиль Адесанья жеңіске жетті. Бұл - Адесаньяның ММА-дағы 23-жеңісі. Ол бір рет қана жеңілген, ал Канноньер 15 мәрте жеңіске жетіп, алтыншы рет жеңілді.