ШҰҒЫЛ! «Махаббат, қызық мол жылдар» Толығырақ

ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

13:38, 22 мамыр 2020

ТҰРҒЫН ҮЙДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Құрманғазы ауданында тұрғын үйде жарылыс болып, төрт адам әртүрлі дене жарақатын алды. Оқыс оқиға кеше таңертенгі сағат 8 шамасында Құрманғазы ауылы Майра Қабдолқызы 32 үйде болған. Тілсіз жау шарпыған жерге полция мен өрт сөндірушілер дереу жетті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенше үйдің 20х10 метр бөлігі жанып жатқан. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Әділ Қоңқаевтың мәлімдеуінше, үй иесі таңғы ас әзірлеу үшін газ плитасын қосқан кезде жиналып тұрған газ жарылған. Жалын 10х10 метр ауданды шарпып үлгерген. Үй тұрғындары өз күштерімен далаға шыққан. Дене күйігін алған төртеуі сол бойда жедел-жәрдем көлігімен аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жеткізілген. Өрт сөндіруге жеке құрамның 20 адамы мен 3 техника жұмылдырылды.

 

 

 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚҚА ТАСТАЙ  БАТЫП, СУДАЙ  СІҢГЕН ҚАЛМАҚ ҚЫЗЫ
18:03, 29 мамыр 2020
ҚАЗАҚҚА ТАСТАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢГЕН ҚАЛМАҚ ҚЫЗЫ
Толығырақ...
ИСАТАЙЛЫҚТАР  БАСПАНАСЫЗ ЖАНДАРҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
16:15, 28 мамыр 2020
ИСАТАЙЛЫҚТАР БАСПАНАСЫЗ ЖАНДАРҒА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
Толығырақ...