
«Туған күн» қойылымы сахналанды
Атырауда алғаш рет "Туған күн" қойылымы сахналанды. Автор туындысында бала тәрбиесіне басымдық берген. Өйткені, бүгінде отбасындағы кикілжің, ажырасу мұның бәрі бала психикасына әсер етеді, сондықтан күрделі тақырыптағы қойылымды фальшсіз көрермендерге көрсету тыңғылықты дайындық пен үлкен жауапкершілікті қажет етті-дейді автор. Көрермендер де ерекше форматта өткен шарадан алған әсерлерімен бөлісті.