
Төтеншеліктер тексерісті күшейтті
Атырау облысында биыл шомылу маусымы кеш ашылады. Себебі сенімгерлік басқаруға берілген жағажай иелері асығар емес. Жергілікті жұрт сонда да суға түсіп, жайық жағасында сейіл құруды бастап кеткен. Ал төтеншеліктер қауіпсіздікті күшейтті. Кезекті рейд барысында да тұрғындарға арнайы ақпараттық бетшелер таратылып, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Талапты елемегендерге қандай шара қолданылады? Қымбат Даирқызы тарқатады.