
Тексеріс жүргізілді
Экология департаментінің басшылары мен бірқатар қоғам белсенділері өңірдегі Соколок каналы мен Береке кентіндегі көгалдандыру нысандарына тексеріс жүргізді. Мақсат - Атырау облысының экология мәселесін шешу бойынша жол картасына енгізілген іс-шаралардың орындалуын қадағалау. Шетелдік компанияға көгалдандыру үшін Атырау қаласынан және Мақат ауданының аумағынан 308 гектар 6 жер учаскесі берілген.