ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ТАҒЫ 23 АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ

17:41, 30 маусым 2020

ТАҒЫ 23 АДАМ ЖҰҚТЫРДЫ

Күллі адамзатты кіріптар қылған короновируспен күрес қайта қарқын алды. Әзірге өңірде инфекция жұқтырған тағы 23 жағдай тіркелді. Оның 21- і Атырау қаласында анықталды. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен скринингтен өту барысында белгілі болды. Аудандағы жағдайда күрделі. Жылыой ауданында 2 науқас жұқтырған. Олар сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған. Бүгінде олар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар