ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ТАҒАМДАР САПАСЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАНБАҚ

20:01, 4 мамыр 2021

ТАҒАМДАР САПАСЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ БАҒАЛАНБАҚ

Қазақстан бұрынғы кеңес елдері арасында бірінші болып тамақтандыру қызметін коммерциялық құрылымдарға беру жолымен аутсорсингке өтті. Бұл ретте жеке құрам өзіне тән емес тағам дайындау, асхана бойынша нарядқа түсу, ыдысты жуып-жинау сияқты жұмыстан босаттылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қорғаныс министрінің орынбасары Мұхамеджан Таласов мәлімдеді. Оның айтуынша, бөлім қолбасшылығымен әскери қызметшілердің тамақтану сапасы мен толықтығына тұрақты бақылау жүргізіледі. 
Сарбаздар асханаларында тағамдардың сапасын электрондық бағалау енгізіледі. Еске салайық, қарулы күштер құрылғалы азық-түлік мөлшерінің нормалары өнімдердің ассортиментін жақсарту мақсатында үш рет өзгерді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар