ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

ТАҒАЙЫНДАУ

20:03, 7 сәуір 2021

ТАҒАЙЫНДАУ

Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып Дарын  Шамұратов тағайындалды. Ол  1986 жылғы 16 желтоқсанда Атырау облысы Индер ауданының Бөдене ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс тәжірибесін 2009 жылы Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратында бас маман, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2012-2017 жылдары аталған ауданның аппарат басшысы, ал 2017-ші жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Айта кетейік, осыған дейін бұл лауазымда болған Полымбет Хасанов наурыз айында Исатай ауданының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.   

 

 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

 МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
20:04, 16 сәуір 2021
МАХАМБЕТТЕ ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМКІН
20:03, 16 сәуір 2021
ЕЛІМІЗДЕ 2021 ЖЫЛЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІ 4,9 ПРОЦЕНТ БОЛУЫ МҮМ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар