
Су тереңдігі тексерілді
Атырауда Безымянный көліндегі оттегі мөлшері мен су тереңдігі тексерілді.Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Орынбасар Әміржановтың сөзінше, тексеру кезінде көлдегі судың жалпы температурасы - 21.7ºС, оттегінің орташа мөлшері - 7.3 миллиграмм. Су тереңдігі 2 метр. Айта кетейік, биыл көктемде Безымянный көлінде балықтың қырылу фактісі тіркелді. Осыған орай арнайы коммисия құрылып, балықтарды құтқару жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 65 келі өлі балық жиналып, санитарлық талаптарға сай көму жолымен жойылды.