
Су тапшылығы 45 пайызға артады
Алдағы бес жылда облыста су тұтыну көлемі 45 пайыз артады. Бұл жайында облыс әкімі Серік Шәпкенов Мәжілісте өткен Парламенттік тыңдауда айтты. «Атырау қаласы мен Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазартқыш жабдықтар өткен ғасырдың 30-60 жылдары қолданысқа берілген. Қазір олар апаттық жағдайда. - деді әкім. Айтуынша, осыған байланысты жаңа екі сүзгі станса іске қосу жоспарланған. «Астрахан-Маңғышлақ су құбырының екі кезеңге жоспарланған жаңғырту жұмыстарын кейінге шегермей, тездетіп шешу қажет. Қолдауларыңызды сұраймыз», - деді серік шәпкенов.