
С.Шәпкенов:тұрғындар көтерген мәселе заң аясында шешіледі
Атырау облысының әкімі Атырау және Еркінқала ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жиында Серік Шәпкенов атқарылған жұмыстар жайында баяндап, алдағы жоспармен бөлісті. Тұрғындардың сауалын тыңдады. Атырау ауылдық округінің халқын көше жарықтары, ауыз су, астфальт төсеу мәселелері алаңдатады.Өңір әкімі кейін азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Айта кетейік, Атырау ауылдық округіне қарасты Жаңаталап, Қызылбалық және Құрманғазы ауылында 11 мыңнан астам, ал Еркінқала және Ракуша ауылында 2 779 адам тұрады. Халықпен ашық және тығыз байланыс орнату мақсатында ауылдық елді мекендерді аралап, тұрғындармен тікелей кездесіп жүрмін. Бұл алдымен жергілікті тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Тұрғындар көтерген мәселелер өзектілігіне орай заң аясында жүйелі түрде шешіледі,деді Серік Шәпкенов.