
Шомылу маусымы ашылды
Атырауда 15 маусымнан бастап Жайық жағалауындағы 4 жағажай шомылушыларға ресми ашылды. Олар "Атырау" дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы, Тұрғындар қалашығындағы «Малибу» жағажайы, жаяу жүргіншілер көпірі қасындағы «LUCH» жағажайы және Мечников көшесіндегі «Акварай» бассейні. ТЖД қызметкерлері қала тұрғындарына кішкентай балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмауды ескертіп, суға түсу ережелері туралы нұсқамаларды таратты.