
Шахматтан бундеслига чемпионы атанды
Жансая Әбдумәлік шахматтан Бундеслига Чемпионы атанды. Бұл туралы Жансая өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. «OSG Baden-Baden» командасы 2018 жылдан кейін алғаш рет Германия біріншілігінде топ жарды. Неміс бундеслигасының 9 туры аясында «SK Schwäbisch Hall» ұжымымен өткен ойында Жансаяның командасы 3,5:2,5 есебімен жеңді. Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова өнер көрсетіп, екінші орынға қол жеткізді.