
СӘУІР БОЛМАЙ, ТӘУІР БОЛМАС
Сәуір болмай, тәуір болмас. Көктемнің екінші айындағы ауа-райына атыраулықтар алаңдаулы. Синоптиктердің болжамы бойынша, айдың аяғына дейін бірнеше рет күн суып,шаңды дауыл болмақ. Жауын-шашын да күтілуде. Ал, желдің ұйытқуы 15-20 м/с дейін күшейеді. Бұл айда шаңды дауылда да атыраулықтарды айналып өтпейді. Тұман екінші онкүндіктің ортасында облыстың кей жерлерінде болуы ықтимал.