ШҰҒЫЛ! NUR SUNQAR СЫЙЛЫҒЫ ATYRAY ТЕЛЕАРНАСЫНДА Толығырақ

САРАПШЫ ҚАЖЕТ!

18:03, 7 қазан 2020

САРАПШЫ ҚАЖЕТ!

Махамбет ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Басқосудың мақсаты - жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасында байланыс орнату. 19 түрлі ұлттың басын біріктірген жиында - «Ауыл - ел бесігі» жобасының іске асырылу барысы, ауданда атқарылған шаруалар мен Кеңес жұмысын жандандыру бойынша мәселелер талқыланды. Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын жүргізу өткен жылдың 4-ші тоқсанынан бастап аудандық ішкі саясат бөліміне жүктелген болатын. Жауаптылар баяндама оқыған соң, «сарапшы» қызметін қайтаруды ұсынды. Айта кету керек, өткен жылдың соңында халық саны аз аудандардағы кеңес сарапшыларын қысқарту бойынша тапсырма беріліп, төрт ауданда аталған лауазымдағы тұлғалар қысқартуға ұшыраған еді. Енді Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі өкілдері аталған лауазымды келер жылы қайтаратындықтарын жеткізді. Көшпелі отырыс соңында Кеңес төрағасы Нұржан Ермұханов Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мерекесіне орайластыра жасалған кәдесыйды аудандық әкімдікке табыстады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
21:04, 22 қаңтар 2021
ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар