
САЙЛАУ ТАЛАПҚА САЙ ӨТТІ
Сайлау күні Махамбет ауданында тұрғындарға 18 учаске қызмет етті. Онда барлығы 17 631 сайлаушы келіп, өз таңдауын жасады. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, дауыс бергендер шамамен 65-66 пайызды құраған. Барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Ең алғашқы сайлауға келген тұрғынға кәдесый да ұсынылған. Сонымен қатар өздігінен жүріп тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар мен зейнеткерлердің үйлеріне арнайы жәшік жеткізілді. Тәуелсіз байқаушылар дауыс беру науқаны әділ әрі заңға кереғар іс-әрекетсіз өткенін мәлімдеді.