
Рим маңында орман өртенді
Италия астанасының солтүстігіндегі саябақтардың бірінде орман өртке оранды. 40 градустық аптап ыстықтан жалын аймаққа тез тарап жатыр. Тілсіз жаумен күреске ұшақтар мен тікұшақтар жұмылдырылған. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер жоқ. Ал мұздық опырылып құлаған Альпы тауының солтүстігінде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апаттан 6 адам опат болып, жарақат алған 8 кісі ауруханаға жеткізілген. Із-түссіз жоғалып кеткен 20-ға жуық адам әлі күнге табылған жоқ. Айта кетейік, қайғылы оқиға Мармолада шыңының маңында болды. Таудан бөлініп құлаған мұздық осы маңдағы бірнеше альпинистер тобының жолына барып түскен.