
Рәміздерім - елдігімнің нышаны
Биыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл. Осыған орай Құрманғазы ауданы орталығындағы денешынықтыру және спорт кешенінде «Рәміздерім - елдігімнің нышаны» атты салтанатты шара өтті. Алдымен Мемлекеттік ту ортаға әкелініп, аудан әкімі, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым басшылары мен мекеме ұжымы әнұран орындады. Ашық аспан астында өткен тағылымды шарада аудан өнерпаздары патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, ұлттық рухты асқақтатты. Сондай-ақ, автошерушілер көк байрағымызды желбіретіп, аудан орталығының басты көшелерімен жүріп өтті.