
Референдумның қорытындысы жарияланды
Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық референдумның ресми қорытындысын жариялады.
Сонымен дауыс беруге барған халықтың 77 пайыздан астамы конститутцияға әзірленген түзетулерді қолдаған. 18 пайыздан астамы қарсылық білдірген. Ал референдумға барған азаматтардың саны 8 миллионға жуық. Бұл дауыс беруге құқы бар 12 миллиондай адамның 68 пайызы. Яғни белсенділік жоғары. Комиссиясы төрағасының айтуынша халықтың жартысынан астамы дауыс бергендіктен референдум өткен болып есептеледі. Әрі қатысқандардың көбі ата заңға әзірленген түзетулерді қолдаған. Сондықтан заң бойынша бүгіннен бастап жаңа конститутция күшіне енеді. Яғни ата заңның 33 бабына әзірленген түзетулер мен өзгерістер бүгіннен бастап іс жүзінде жүзеге аспақ.