
Президент ЕҚЫҰ төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Рауды қабылдады. Президент елдегі жалпыұлттық референдумға дайындық барысы туралы айтты. Сонымен қатар, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының маңызды шараға баға беру үшін өз Миссиясын жіберу жөніндегі шешімін қолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Збигнев Рау Ұйымның әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық бағыттардағы ықпалдастығын жан-жақты талқылады.