ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

"Pfizer" вакцинасын кез-келген адам тегін ала алады

21:26, 10 маусым 2022

"Pfizer" вакцинасын кез-келген адам тегін ала алады

Pfizer вакцинасын кез-келген адам тегін ала алады. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті. Бүгінде облыс бойынша екпенің I компонентін 271 222 адам, II компонентін 258 796 адам алды. Ал, облыс бойынша вакцина алатын жалпы контингент 365 760 адамды құрайды. Облыс бойынша Пфайзер «Комирнати» вакцинасын алатын 65мың адам болса, қазіргі уақытта вакцинаның I компоненті 15393 адамға, ал II компоненті 10586 адамға егілді. Оның ішінде І компонент бойынша 406 жүкті, 3497 емізулі әйел, 4750 бала, 4504 өзгелер, 2236 қайта вакцинацияланғандар егілсе, ІІ компонент бойынша 370 жүкті, 3226 емізулі әйел, 4мың бала, 2098 өзгелер, 806 қайта вакцинацияланғандар егілді, деді Асхан Байдуәлиев. Сондай-ақ, басқарма басшысы аталған вакцинаны кез-келген адам тегін ала алатынын жеткізді. Оған қоса, Асхан Байдуәлиев соңғы уақытта ПТР-тест пен вакцина куәлігін сұратудың міндеттелігі жойылса да, аурудың одан әрі тарамауы, жалпы сақтық шаралары үшін ауруханаға жатқызылатын науқастардан әлі де талап етілетінін атап өтті.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...
БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАНЫҢ ЕКІНШІ СОТЫ ӨТТІ  (ВИДЕО)
21:41, 11 тамыз 2022
БАҚЫТГҮЛ ХАМЕНОВАНЫҢ ЕКІНШІ СОТЫ ӨТТІ (ВИДЕО)
Толығырақ...