ШҰҒЫЛ! Есірткі шегіп, көлік жүргізген жүргізуші ұсталды (ВИДЕО) Толығырақ

Перзентхананың шатыры ұшып кетті

16:05, 5 шілде 2022

Перзентхананың шатыры ұшып кетті

Атырауда нөсер жауынның соңы дүлей дауылға ұласып, елді әбігерге салды.Қатты жел облыстық перзентхананың шатырын ұшырып әкетті. Дауыл салдарынан перинаталды орталықтың «Б» корпусына қатты зақым келді. Төбе жабындысының 500 шаршы метрі жарамсыз болып қалды. Жарақат алғандар жоқ. Екі қызметкердің көлігі шатыр астында қалған. Әкімдік медициналық мекеме жуық арада жөндеуден өтеді деп отыр. Табиғаттың тосын мінезі қала тұрғындарын әбігерге салды. Күн райының күрт құбылуынан жарық сөніп, көшелерді су басты. Қазір абыр-сабыр басылды. Ауа райы бір қалыпты. Коммуналдық мекемелер су сору жұмысымен айналысып жатыр.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті (ВИДЕО)
21:39, 15 тамыз 2022
Атырауда қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті...
Толығырақ...
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
21:31, 15 тамыз 2022
Нан қалдықтарына арналған контейнер (ВИДЕО)
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
17:10, 10 тамыз 2022
Білім грант иегерлерінің тізімі жарияланды (Жуктеу)
Толығырақ...